"Қазақтарды тізе бүктіреміз": Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы жекпе-жек алдында сес көрсетті
Анголалық спортшы Манел Капе жекпе-жек алдында Жалғас Жұмағұловқа сес көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі анголалықтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Манел Капе бұған дейін де Жұмағұловқа қатысты хабарландыру жасаған болатын. Ол Жалғасты "бешбармақпен" салыстырып, "Өз бешбармағымды 4 желтоқсан жеймін" деген болатын. Отандасымыз қарсыласының хабарламасына "Жеңілістен кейін қалпыңа келетін кезде бешбармақты көбірек же" деп жауап берген еді.
Манел Капе бұдан кейін де сес көрсетуін жалғастырды.
"Бұл оң тізенің қаншалықты қауіпті екенін білесіздер. 4 желтоқсанда қазақтарды тізе бүктіреміз", – деп жазды Кап өз парақшасында.
Айта кетейік, кездесу 4 желтоқсан Лас-Вегаста UFC Fight Night 199 турнирі аясында өтеді. Бұл Жұмағұловтың UFC-дегі жаңа келісімшартынан кейінгі алғашқы жекпе-жегі болмақ. Қарсыласы Манел Капе – "Rizin fighting federation" атты жапониялық ұйымның бұрынғы чемпионы.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар