Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтарды фашистер деп айтады": Олег Тиньков Қазақстанға "қауіп төніп тұрғанын" айтты

Ресейлік Тинькофф Банк (TCS Group) негізін қалаушы Олег Тиньков Қазақстан туралы өз пікірін білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gorodkirov.ru

Кәсіпкердің айтуынша, Украинадағы соғыс Қазақстанға да қауіп төндіріп тұр.

"Жалпы Солтүстік Қазақстанда тек орыстар тұрады. Сосын қазақтарды фашист деп айтады. Бұл тіпті украиндық фактор деп ойламаймын. Олар бізде дәретхана жоқ, сонда да біз бәрін жеңдік деп айтады. Бос сөз. Олар үшін көшбасшының төңірегіне топтасқанымызды көрсету маңызды", – деді ол.

@assantoleu29 Тиньков о Казахстане. #qazaqstan ♬ original sound - Assantoleu

"Олар" деп Тиньков Ресей билігін меңзеген.

Ресейдің Украинаға әскери шабуыл жасағанына екі жыл өтті. Соғыс қалай және қашан аяқталатыны белгісіз. 

Олег Тиньков – "Техношок" тұрмыстық техника дүкендері желісінің, мұздатылған жартылай фабрикаттарды шығаратын "Дарья" зауыттарының, сыра қайнату компаниясының және Tinkoff мейрамханалар желісінің негізін қалаушы. Music Shock музыкалық дүкені және Shock Records сынды жобалары бар.

2022 жылы Тиньков Украинаға қарсы соғысты негізсіз деп атап, Ресей әскерін сынға алған еді. 

Талқылау