"Қазақтар – көре алмайтын халық": Желіде Данияр Елеусіновтің Головкин туралы жазбасы қызу талқыға түсті
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында аты аңызға айналған боксшы Геннадий Головкин (GGG) туралы жазба жариялады, алайда көпшілік сынынан кейін өшіріп тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшы парақшасында Головкиннің қазақстандық бокстағы орны туралы пікір білдірген. Жазбасында ол GGG-ді нағыз чемпион деп атап, оған құрметпен қарайтынын жеткізген.
“Келесі болашақ чемпион жай ғана жұлдыз емес. Бізде чемпион көп болды. Бірақ олардың бәрі GGG секілді жұлдыз болуға ұмтылған жоқ. Қазақ халқы кейде өз ішімізден шыққан жұлдыздарды емес, басқа ұлт өкілдерін көбірек бағалайды. Өйткені көреалмаушылық та бар. Ал GGG – нағыз чемпион. Мен оны құрметтеймін”, – деп жазған Елеусінов.


Қоғамдық сын күшейгеннен кейін Данияр Елеусінов бұл жазбасын әлеуметтік желідегі парақшасынан алып тастады.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов – 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері.
Еркебұлан Тоқтар мені жеңе алмайды – Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
Еске салайық, бұған дейін Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жұбайы екі әйелді ұрды деген күдікке ілінгені хабарланған еді.