Қазақстанның мемлекеттік қарызы төрт есе өсіп, 15 триллион теңгеге жетті
2018 жылдың маусым айында Қазақстанның жалпы мемлекеттік борышы 14,8 трлн теңгені құрады (ол 12,1 триллион теңге болды). Былтырмен салыстырғанда 21,9% -ға артық.

Бұл туралы Finprom зерттеуінде айтылған.
Ел қарызының 14,2 трлн теңгесі (20%-ға өскен) – мемлекеттік қарыз. Мемлекет кепіл еткен қарыз – 523 млрд теңге (2,2 есе өскен), мемлекеттік тапсырумен ішкі қарыз – 37,8 млрд теңге (өзгеріс жоқ).
Қарыз өсуіне ҚР үкіметінің ішкі қарызы себеп болып отыр. Бір жылда 30,6% артып, 4,4 трлн теңгеден 5,8 теңгеге жетті. Ішкі қарыз 4,7%-ға өсті.
Соңғы бес жылда 4 еселеніп, мемлекет қарызы 4 трлннан 14,8 трлн теңгеге жетті.
Биылғы жартыжылдықта қарызды өтеуге 248,7 млрд теңге бөлінді. Былтырғы жылдан қарағанда 13,3%-ға көп.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген