Жағдай нашар: Қазақстанның 7 өңірі "қызыл" аймаққа кірді
Коронавирустың таралуы бойынша еліміздің 7 өңірі "қызыл" аймаққа кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.
"Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта 7 аймақ – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстары тұр. Бұл ретте Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары қызыл аймақта 28 күн, Батыс Қазақстан облысы 20 күн, Атырау облысы соңғы 2 апта, Ақтөбе мен Алматы облыстары соңғы апта бойы және Ақмола облысы соңғы тәулікте кірді", - министр.
Оның атап өтуінше, Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы сары аймақта болса, қалған 8 өңір жасыл аймақта орналасқан.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық