"Қазақстанның сыртқы қарызы азаматтарға несие түрінде рәсімделеді": Желідегі ақпарат қазақстандықтарды дүрліктірді
Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Қазақстанның сыртқы қарызы азаматтарға несие түрінде қайта рәсімделетіні туралы ақпарат тарады. Жазбаға сәйкес Қаржы министрінің осындай ұсынысын Президент қолдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат "qazinform.kz" сатиркалық Instagram парақшасы жарияланған. Дегенмен мұнда шынайы ақпарат таратылмайды. Профилінде де контенттің тек сатиралық және Қазақстан жайлы жалған ақпараттар жарияланатыны көрсетілген.
Бұған дейін парақшада Ерлан Қариннің сыртқы қарызға қатысты пікірі жарияланған еді. Жазбада қарызды азаматтарға бөлу Тәуелсіздікті сақтаудың жалғыз жолы екені жазылды. Дегенмен парақша сатиралық болғандықтан, сенудің қажеті жоқ.
Қазақстанның сыртқы қарызын 5% мөлшерлемемен ел азаматтарына қайта рәсімдеу жайлы ақпарат та қалжың. Әйткенмен сатиралық хабарламаны шындап қабылдағандар да болған.
Супермаркеттер желісі қазақстандық өндірістің макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты
Сөзінше, Galmart супермаркетінің сатып алу бөлімі қазақстандық тауар премиум сапаға жатпайды деп макарон өнімін алмай қойған
2026 жылы қазақстандық жүргізушілердің айыппұлы қанша болады
Қазақстанда 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш 4325 теңгеге өседі