Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүкті әйелдерге вакцина олардың келісімінсіз салынады": Желіде тараған ақпаратқа қатысты Санитарлық бақылау комитеті пікір білдірді

Instagram парақшалардың бірінде COVID-19-ға вакцинаны жүкті әйелдерге келісімінсіз салады деп ақпарат тараған болатын. Жазба иесі мұны барлығын бірдей егуге жоспарланып отырғанымен байланыстырады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

вакцина салу

Жазба әлеуметтік желіде жарияланып, жаппай таралған болатын. 

"Жүктілік мерзімі 17 және 37 аптаға дейінгі әйелдерге 22.11.2021 жылдан бастап коронавирусқа қарсы вакцина келісімінсіз салына бастайды. 10 кабинеттегі сұхбат барлығына вакцинаның пайдасы жайлы ескерту үшін міндетті болып отыр", - делінген жазбада. 



Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

"Жүкті әйелдерді вакцинациялау егілетіндердің ақпараттандырылған ерікті келісіменен кейін ғана жүзеге асады. Бүгінгі таңда жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатқан жоқ", - деп мәоімдеді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

 

Талқылау