Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістанға үндеу жасады

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты терең алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеді. 


Үндістан-Пәкістан арасындағы қақтығыс қашан басталды, оған не себеп?

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс: Шабуыл кезінде аспанда 57 жолаушылар ұшағы болған


"Барлық мүдделі тараптарды одан әрі шиеленіске жол бермеу үшін барынша ұстамдылық көрсетуге шақырамыз. Қазақстан халықаралық және өңірлік қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді жақтайды", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 7 мамырға қараған түні Үндістан Пәкістанға зымырандық шабуыл жасап, 24 нысанға соққы жасаған еді. Артынша Пәкістан қарулы күштері де Үндістанға әуе шабуылын жасады. 8 мамырда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі әскери қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасап, екі елдегі қазақстандықтардың эвакуацияланбайтынын айтты.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 08 Мамыр, 2025 21:56
Талқылау