Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстігінде қазақ-орыс мектептері ашылмақ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның оңтүстігінде қазақ-орыс мектептерін ашу бойынша келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Бұл ретте мемлекет басшысы Ресеймен шекаралас аудандарда да осындай мектептер ашуға мүдделі екенін жеткізді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

мектеп

Ресейлік “Известия” газетіне берген сұхбатында Тоқаев Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып алып жатқанын айтты. Ол мұның себебін территориямыздың жақындығы, тілдік кедергінің жоқтығы, оқу ақысының қолжетімділігі секілді себептермен байланыстырған.

Мемлекет басшысы Қазақстанның оңтүстік облыстарында Қазақстан – Ресей бірлескен білім беру мекемелерін ашу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл ретте біз Ресейдің Қазақстанмен шекаралас, қандастарымыз көп тұратын облыстарында осындай мектептер ашуға мүдделіміз, деп қосты Тоқаев.



“Қазақстанда техникалық бейіндегі шетелдік жетекші оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл еліміз Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында жасалған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің филиалдарын тең негізде құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялады.

Соның нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында МИФИ филиалы, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің филиалы ашылды. Келесі жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жанынан Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-техникалық университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Талқылау