Қазақстанның қорғаныс министрі коронавирусқа қарсы екпе алды
Қорғаныс министрі және оның орынбасарлары, бас қолбасшылар коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Бұл туралы бас әскери медицина бастығының орынбасары, медицина қызметінің полковнигі Әлібек Манабаев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қорғаныс министрлігінде екпе салдырғандардың ең алғашқылары - Қорғаныс министрінің өзі, оның орынбасарлары, бас қолбасшылары", - деді ол арнайы брифингте.
Сонымен қатар Әлібек Манабаев әлеуметтік желілерде тараған "әскери қызметшілерді екпе салуға мәжбүрлейді" деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Өйткені әрбір әскери ортада әскери қызметші өзінің басшылары, командирлеріне еліктеу арқылы вакцинация алуға талпынады. Мысалға бөлім командирі, медицина қызметкерлері өткеннен кейін олар да екпе алып, қатардан қалмауға тырысады", - деді әскери дәрігер.
Оның айтуынша, тек медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар ғана екпе алмаған.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді