"Қазақстанның кейбір министрлеріне қарағанда қазақ тілін жақсы білемін": Жазушылар одағының басшысы түркиялық шенеуніктің сөзін еске алды
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы ақын Ұлықбек Есдәулет cенатта өткен парламенттік тыңдауда министрлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне шүйлікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақын бұрын басынан өткен оқиғаны айтып берді.
"Түркі халықтарының құрылтайы кезінде болған бір оқиға есімде. Мен Түркияның Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбекпен кездестім. Мен одан қазақ тілін білесіз бе деп сұрадым. Ол Қазақстанның кейбір министрлеріне қарағанда қазақ тілін жақсы білетінін айтты. Содан бері 20 жылдан астам уақыт өтті. Үкімет бірнеше рет өзгерді, бірақ біздің кейбір министрлердің қазақ тілі әлі де аянышты күйде", - деді Ұлықбек Есдәулет.
Жазушылар одағының басшысы президенттің қазақ тілін білу жөніндегі міндеті баршаға, атап айтқанда мемлекеттік қызметкерлерге қатысты екенін атап өтті.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін білмейтіндерге үндеу жасаған еді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен
