Қазақстанның кей өңірлерінде алдағы үш күнде ауа температурасы 30 градустан жоғарылайды
Синоптиктер 21-23 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен бұрқасын түріндегі жауын-шашын күтіледі.
21 қыркүйекте оңтүстікте, 21, 23 қыркүйекте шығыста, 21-22 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Тек Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі.
"Қазақстанның батыс облыстарында ауа температурасы 24-30 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың солтүстік-батысында 15-27 градусқа дейін, ал солтүстігінде 10-16 градусқа дейін төмендейді. Ал орталықта 10-23 градус, шығыста 10-15 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстікте ауа температурасы 20-28 градусқа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік-шығыста 12-22 градусқа дейін, таулы аймақтарда 2-10 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.