Қазақстанның қай қалаларында пойыз қатынасы қайта іске қосылады: Бағыттардың тізімі жарияланды
Қазақстанның қай аймақтарында пойыз қозғалысы қайта жанданатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2020 жылғы 13 мамырда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздарының жүруін қайта бастау туралы шешім қабылданды.
Жолаушылар пойыздары халықтың сұранысын ескере отырып, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асырыла бастайды.
Атап айтқанда, бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл/Қызыл Ту, Орал, Жезқазған, Қызылорда;
- Алматы – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Урлальск, Петропавл;
- Қызылорда – Семей;
- Қостанай – Қарағанды, Арқалық, Алматы;
- Қарағанды – Жезқазған;
- Қызылорда – Көкшетау, Петропавл және қала маңы қатынастары бағыттары бойынша.
Жол жүру билеттерін сату 2020 жылғы 15 мамырдан басталады.
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді
"Салт-дәстүрді "біздікі, өзгенікі" деп бөлмейміз": Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері неге балаларына тұсаукесер жасайды
Джой: "Кішкентай кезінен бастап осы жермен байланысын сезініп, елдің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп өскенін қаладым"