Қазақстанның ІІМ-нің подполковнигін Ресейде өлтіріп кетті
Санкт-Петербург қаласының Маринск ауруханасында 62 жастағы ҚР-дың ІІМ қарасты өрт сөндіру қызметінің подполковнигі Вячеслав Джексенов белгісіз адамдардың шабуылынан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға қаладағы Дегтярная және 9-шы Кеңес көшелерінің қиылысында орналасқан үйдің маңында орын алған. Белгісіз адамдар Джексеновтың артынан шабуылдаған. Бас жарақатын алған ол бір сағаттан кейін ауруханада көз жұмды.
Шабуыл болған жерден темекінің қалдықтары табылыпты. Жақын маңда бейнебақылау камералары жоқ екен. Қылмыстық іс қозғалу мәселесі талқылануда.
Марқұм болған азамат Қазақстанның ІІМ қарасты төтенше жағдайлар комитетінде қызмет атқарған. Подполковник шенін иеленген ол зейнетке шығып, 2014 жылы Санкт-Петербург қаласына көшіп келген. Ресейдің қаласында кәсіпкерлерге кеңес берумен айналысатын кеңсе құрыпты.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"