Қазақстанның екі облысында ертең төтенше жағдай режимі алынады
Ақмола және Қостанай обылстарында төтенше жағдай режимі аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ақмола облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 737 Жарлығымен енгізілген Ақмола облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 15 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын" делінген жарлықта.
Сондай-ақ дәл осындай арнайы жарлықпен Қостанай облысында да төтенше жағдай режимі тоқтады.
Бұл жарлықтар қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Айта кетсек, бүгіннен бастап Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды, Түркістан облыстарында төтенше жағдай тоқтады.
Сонымен қатар Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимі алып тасталған.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдаған, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамаған