Ауқымды арнайы операция: Қазақстанның бірнеше өңірінде шенеуніктер ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның бірнеше облысындағы ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ШҚО бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы В.Айламазянді, Жамбыл облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Күлкеевті және Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Б.Ізімтаевты ұстады", - делінген хабарламада.
Ведомство өкілі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын айтты.
Шенеуніктерге нақты қандай айып тағылып отырғаны әзірге белгісіз.
Ресми деректерде Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазян, Жамбыл облысы бойынша АШБ басшысының орынбасары Ерлан Күлкеев, Маңғыстау облысы бойынша АШБ басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімтаев екені айтылған.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды