Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды
Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі, кәсіпкер Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында қайтыс болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сергей Терещенко 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 1994 жылдың 14 қазанына дейін премьер-министр қызметін атқарды. 30 наурызда ол 72 жасқа толар еді. Кәсіпкердің нақты неден көз жұмғаны айтылған жоқ.
Сонымен қатар Сергей Терещенко 2022 жылы елдегі 50 беделді кәсіпкерлер тізімінде 45-орында болған.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге