Қазақстанның бес өңіріне су тасқыны қаупі төніп тұр
Қазақстанда 150-ден астам елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қара су келген жағдайда тұрғындарды эвакуациялау үшін екі мыңнан аса пункт әзірленді.
ТЖМ департамент басшысы Рустамбек Амриннің айтуынша, 157 елді мекенді су басу қаупінің төнуіне наурыздың үшінші жартысында түскен жауын-шашын себеп болып отыр.
Қауіп тобына елдің бес өңірі – Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары еніп отыр.
Тасқын болған жағдайда тұрғындарды эвакуациялау үшін 2,5 мың пункт дайындалды.
"Қазіргі күні тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тасқын болған жағдайда қалай әрекет ету керек екені айтылды", - деді ол.
Оның айтуынша, елді мекендерге шынайы қауіп төнген жағдайда тұрғындар төтенше жағдайлар қызметінің ескертуі мен нұсқаулығы бойынша ғана әрекет етуге тиіс.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған