Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның бірқатар өңірінде 25 ақпанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыста, Қарағанды облысының солтүстігінде және Қарағанды, Жезқазған қалаларында синоптиктер тұман түседі деп болжап отыр.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, шығысында және Орал қаласында көктайғақ, тұман күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында қар жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ. Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, жер көктайғақ болады. Ақтөбе қаласында көктайғақ болады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, Атырау қаласында тұман түседі.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған