Қазақстанның бас прокуратурасы саунада сауық құрған шенділер түсірілген видеоны тексермек
Алматы облысында моншада сауық құрған судьялар мен прокурорлар түсірілген видеоны Қазақстанның бас прокуратурасы тексеретін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында авторы саунада судья мен прокурордың қатысуымен болғаны туралы бейнежазба таратылуда. Аталған факті бойынша бас прокуратураның Ішкі тергеп тексеру департаментімен тексеру жүргізуде. Тексеру аяқталғанға дейін мерзімінен бұрын қорытынды жасамауға кеңес береміз. Оның нәтижелері көпшілікке жеткізілетін болады", - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында "судьялар мен прокурорлардың" моншадағы демалысы түсірілген видео таралған болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"