Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық соты "судьялар мен прокурорлардың" моншадағы демалысы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматы облысында аудандық сот пен прокуратура қызметкерлерінің моншада жүргені түсірілген видеоны тексеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында шамамен судья мен прокурордың карантин кезінде моншада түскен бейне ролигі кең таралғанына байланысты түсініктеме берілуі кажет деп есептейміз. Алдын ала мәлім болғандай, осы бейне роликті түсірген азамат Б., сот саласына ешқандай қатысы жоқтығын хабарлаймыз", - деді Алматы облыстық сотында.

Аталған ақпарат бойынша қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

"Оның нәтижелері туралы міндетті түрде хабардар етеміз. Осыған байланысты ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз", - деп мәлімдеді сотта.

Бұған дейін желіде саунада түсірілген бейне пайда болды. Онда видео авторы жолдастарымен демалыcы туралы әңгімелейді және олардың қатарында Алматы облысы аудандық сотының судьясының бар екенін айтқан.

Желіде тараған видеода Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаевқа ұқсайтын адамның бар екені атап көрсетілген.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр