Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов қайтыс болды
Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының дәрежелі президенті Қайрат Тұрлыханов дүниеден озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Азия федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі, қоғам қайраткері Тұрлыханов 60 жасында қайтыс болды.
"Ауыр атлетика федерациясы Қайрат Болатұлының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Біз сіздердің қайғыларңызға ортақпыз", - деді федерация өкілдері.
2001-2002 жылдары Тұрлыханов Семей әкімі болды. 2006 жылы ҚР қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі, 2006-2007 жылдары ҚР транспорт министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарған. Бұған қоса ол дзюдо мен тау шаңғысы спортының шебері кандидатына ұсынылған.
Қайрат Тұрлыханов 1988 және 1992 жылдардағы Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, балуан Дәулет Тұрлыхановтың ағасы.
Stan.kz редакциясы марқұмның жақындарына көңіл айтады!
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді