AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан Украинаға төртінші эвакуациялық ұшақ жіберілмек

ҚР азаматтарын Украинадан эвакуациялау басталғаннан бері Қазақстанның шет елдердегі мекемелерімен 553 азаматтың шығуына көмек көрсетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде:

- Польшаға – 526 адам;

- Молдоваға – 21 адам. Молдовадан Румынияға 9 адам шықты, оның ішінде 7 адам Қазақстанға ұшып кетті, 2 азамат Бухаресттегі ҚР Елшілігімен қонақ үйге орналастырылды;

- Мажарстанға – 5 адам;

- Словакияға – 1 адам.

Бүгінгі таңда "Air Astana" әуе компаниясының үш эвакуациялық ұшақтарымен Қазақстанға 432 адам қайтарылды. 

Қазір төртінші эвакуациялық ұшақты жіберу бойынша жұмыс жүргізілуде. Рейс Катовице қаласында (Польша) азаматтардың қажетті санының жиналуына қарай жүзеге асырылады.

Қазақстандық дипломаттар жоғарыда аталған мемлекеттердің шекарасынан өтуді, азаматтарды жинауды және орналастыруды, сондай-ақ Қазақстанға одан әрі жөнелтуді қамтамасыз етуде. Айта кететін жәйт, осыған дейін Украинадан шыққан бірқатар отандастар Еуропалық Одақ аумағында қалуға шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта Катовице қаласында 30 ҚР азаматы бар, Украина-Польша шекарасында 30 жолаушысы бар тағы 1 автобус өз кезегін күтуде. Львовтағы ҚР Құрметті консулдықтың жанындағы эвакуациялық жинау нүктесінде 9 адам, Киевтегі ҚР Елшілігінде – 10 адам, Харьковта – 7 адам бар. Киевтегі ҚР Елшілігі штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

"Атамекен" ҰКП ақпаратына сәйкес, Украинадағы әскери әрекеттер басталғаннан кейін сол елдің аумағында 47 жүргізуші – ҚР азаматтары және 8 жүргізуші – шет мемлекеттердің азаматтары бар жалпы 55 бірлік автокөлік қалып қалды. 

Қазіргі уақытта ҚР шет елдердегі мекемелерінің тікелей көмегімен және араласуымен 55 автокөлік құралдарының 31-і шықты, оның ішінде:

- Ресейге – 11;

- Молдоваға – 8;

- Польшаға – 12.

Қалған 24 автокөлік Украина аумағында қалып қойды.

ҚР СІМ жүргізушілермен байланыс орнатқан, олардың тізімдері өзектендірілді, автокөліктің орналасқан жері нақтыланды. Жүк тасымалдаушылардың тұрған жеріне байланысты ҚР тиісті шетелдік мекемелеріне автокөлік құралдарын эвакуациялау бойынша тапсырмалар берілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр