Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан Қырғызстан президентінің сыңары табылды

Бішкекте жұмыс істейтін 28 жастағы Асқар Байділда есімді қазақстандық дәрігердің Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа өте қатты ұқсайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Kaktus.media мәліметінше, Асқар - Тараз тумасы. Оның әпкесі Бішкекте ұзақ уақыттан бері тұрады және оған жергілікті медициналық академияда оқуға кеңес берген. Жігіт оның сөзіне келісіп, 2013 жылы университетке түскен.

"Таныстарым менің Садыр Жапаровқа ұқсайтынымды айта бастады. Мұны негізінен егде жастағы адамдар, Қырғызстанның саясатын түсінетін зейнеткерлер айтты. Бірақ мен мән бермедім. Жапаров президент болды, теледидарда көп шыға бастады. Мені көргендердің барлығы дерлік біздің ұқсастығымыз туралы айтады. Бұл мені де қызықтырды. Мен бұл адам туралы мәліметтер іздедім, өмірбаянын оқыдым. Шынымен де, біздің түріміз қатты ұқсайды", - деді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, қазір адамдар оған көшеде қарап өтеді екен.

"Көп адам мені өзінің туысқаны деп қабылдайды, мені бір жерден көргендей болады. Мен президентке ұқсайтынымды бәріне айтамын. Кейде олар тоқтап, менімен суретке түсуді сұрайды", - деді қазақстандық.

Асқар саясатқа қызықпайды және болашағын медицинамен байланыстыратынын жеткізді.

«Мен мамандығым бойынша невропатологпін, Қазақстанда медициналық практикамен айналыстым, ортопедиялық орталықта жұмыс істедім. Сүйек диагнозы бар балаларға массаж жасадым. Бірақ қазір мен Бішкекке оралдым. Бішкекте ортопедиялық орталық ашып, онымен жұмыс жасағым келеді», - деді ол.

Талқылау