Қазақстанмен шекарада ресейліктерге әскерге шақырту қағазы беріле бастады
Ресейдің Челябинск облысында Қазақстан аумағына өткісі келетіндер саны көбейген. Сонымен қатар шекарада ресейліктерге әскерге шақырту беріле бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Челябинск облысы бойынша федералды қауіпсіздік қызметі азаматтардың кезекпен шекарадан өтіп жатқанын мәлімдеді.
"Жиналған адамдар бар. Ешқандай шектеу жоқ, барлығы қалыпты режимде. Адамдар кезекпен шекарадан өтіп жатыр", – деді федералды қауіпсіздік қызметінің өкілі.
Ал аймақ басшылығы әскерге шақырылуы тиіс азаматтардың тізімі шекарашыларға берілгенін айтады.
"Егер тізімде бар адам шекараға келсе, оны жақын маңдағы әскери комиссариаттан өкілдер жеткенше ұстап, әскерге шақыру қағазын береді. Азаматтың қай қаладан келгені маңызды емес", – дейді баспасөз қызметі.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар