Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жазасын өтеп шықты

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жазасын өтеуге байланысты пробация есебінен шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 Ахметов Серік Нығметұлы әлі түзету жолына түспеді деп санаймыз

"2021 жылғы 1 қыркүйекте С.Н.Ахметов сотталу мерзімін өтеуіне байланысты жазаның негізгі түрі бойынша пробация есебінен шығарылды. Қазіргі уақытта белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салу түріндегі қосымша жаза бойынша Қазыбек би ауданының пробация қызметінде есепте тұр", – деді қылмыстық атқару жүйесi комитетi. 



Естеріңізге салсақ, Серік Ахметов 2014-ші жылдың қарашасында қамауға алынып, 2015-тің желтоқсанында бөтеннің мүлкін талан-таражға салды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қызметін асыра пайдаланды деген баптар бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бір жарым жылдан кейін оның жазасы бас бостандығын шектеуге өзгертіліп, босап шыққан еді. 

Сот талқылауы 2015 жылғы 10 тамызда басталып, төрт айға созылды. Сот тергеуі мен сот жарыссөздері 2015 жылғы 9 желтоқсанда аяқталды. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық соты 2016 жылдың 14 наурызда жемқорлық қылмыстық іске қатысты сотты болған 11 адамның жазасын жеңілдетті. Соның ішінде Серік Ахметовтің жазасы 10 жылдан 8 жылға дейін азайтылды.

Бұдан соң Ахметов сот алқасынан енді қалған екі жыл жаза мерзімінен шартты түрде босатуды сұраған-ды.

Талқылау