Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға парацетамолдың 700 мың қаптамасы жеткізілді

Қазақстанға парацетамолдың 700 мың қаптамасы жеткізілді, 800 мың қаптама тағы да жеткізілетіні туралы айтты денсаулық сақтау министрі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Акалабрутиниб

Қазіргі таңда елімізге коронавирус инфекциясын емдейтін антибиотиктің 16 түрі жеткізіліп жатыр. Министрдің сөзінше, дәрі дәрмектерді жеткізу мәселесі қаралып, препарат тапшылығы мәселесі шешілуде. 

"Медициналық ұйымдарға науқастарды КВИ-ден емдеу үшін антибиотиктің 16 түрі үзіліссіз жеткізілуде. Сонымен бірге керекті дәрі-дәрмекті жеделдетіп дәріханаларға жеткізу үшін дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Спекуляцияға жол бермеу мақсатында әкімдіктер бір адамға дәрі-дәрмекті шектеулі түрде сату мәселесін реттеп жатыр", - дейді министр.

Осы аптаның соңына дейін дәріханаларға қажеті препараттар үлкен көлемде жеткізілетін болады. 

"Осы аптаның соңына дейін бөлшек сауда желілеріне вирусқа қарсы препараттардың 70 мың қаптамасы жеткізіледі. Ыстық түсіретін дәрілер, мәселен парацетомол Қазақстан нарығына түсе бастады. Қазіргі таңда бұл препараттың нарыққа әртүрлі өндірушілерден 700 мың қаптамасы жеткізілді. Алдағы екі аптада парацетамолдың тағы 800 мың қаптамасын жеткізу көзделген", - деді Алексей Цой.


 

Талқылау