Неге Қазақстанда әлеуметтік желілер жұмыс істемей қала береді
Қазақстанда Youtube, Instagram және Facebook желілерінің істен шығуы жиілеп кетті. Қазақстандықтар аталған желілерді соңғы рет жұма күні пайдалана алмаған.
Бұдан бұрын ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстанда әлеуметтік желі мен мессенджерлер жұмыс істемейтіні туралы хабарлаған болатын, деп хабарлады Sputnik Казахстан.
Бұл Мұқтар Әблязов негізін қалаған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының экстремистік топ ретінде танылуына байланысты.
Министрлік тыйым салынған ақпараттарды тарататын шетелдің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінің басшылығына хабарлама жіберген.
“Соған байланысты тыйым салынған материалдар өшірілуде. Сондықтан техникалық ақаулардан желілер істен шығып жатыр”, – делінген министрлік хабарламасында.
. @YouTube и @instagram не работают 😑
— Bairam Azizov (@BagaAzizov) 30 марта 2018 г.
Тағы оқыңыз:
Алматыда оралмандар бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұрады
Ақмола облысында әкім мен жеке кәсіпкер жанжалдасып, соңы қазамен аяқталды
ОҚО-да терроризмді насихаттаған имам сотталды
Денсаулық сақтау министрлігі Шымкентте балмұздақтан ұшынғандарға қатысты мәлімдеме жасады