Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар үйленбес бұрын арнайы курстан өтулері мүмкін

Елімізде үйленуді жоспарлаған жастар өмір сабағынан өтуі керек! Яғни, олар арнайы курстарға жазылып, жанұяны қалай құру керектігінен кеңес алуы тиіс. Дәріс тыңдамаған жастарға некесін қиюға тыйым салынуы мүмкін. Бүгін Бас прокурор бүгін осындай ұсыныс жасады. Бірақ, мұндай бастамаға қарсы шыққандар да табылды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

0дбж

Енді елімізде үйленер алдында жастар қолына қалам дәптер алып, қайта партаға отыруы мүмкін. Өйткені, отбасындағы жанжал, әйелдердің күйеуінен таяқ жеуі секілді деректер тым көбейіп кеткен. Статистика адам шошытады.

Яғни, соңғы екі жыл ішінде зорлық-зомбылық көрген келіншектердің саны еселеп артқан. Олардың көбі күйеулерінен таяқ жегендер. Тіпті, ұрыс-керістің соңы қайғылы аяқталып жатқан жайттар да жетерлік. Әйеліне ғана әлі жететін мұндай еркектердің көбеюі прокурорларды алаңдатып отыр.

“Ажырасу жағынан Қазақстан алғашқы ондықтың ішінде. Отбасы деген не? Бақытты жанұяның құрпиясы неде екенін жастар біле бермейді. Сондықтан үйленемін деушілерге арналған міндетті курс болу керек. Одан өтпесе, неке болмау керек”, – дейді ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов.

Мұндай курстардан соң шаңырақ көтерген жас отбасылардың тату-тәтті өмір сүреріне прокурлар сенімді. Оның үстіне әйелін сабағандарға жаза күшеюі мүмкін. Қазір мұндай еркектерге айыппұл салынады немесе 3 сағат қамауға алынады. Енді сол абақтыда отыру уақыты 24 сағатқа ұзармақ. Бұл келіншегіне қол көтерген азаматтың сабасына түсіп, барлығын ой елегінен өткізуі үшін қажет. Бірақ мұндай бастамаларға қарсы шыққандар да бар.

“Азап шегіп жүрген әйелдер ғана емес қой. Еркектер де моральды түрде зорлық көреді. Мінезі жаман сөзі көп келіншектер бар. Сондықтан күйеуін бірден абақтыға жаппай, әуелі ерлі-зайыптылардың жанжалына не себеп соны анықтау керек”, – дейді Әйел істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Бексұлтан Тұтқышев.

Оның үстіне қыз-келіншектерге әлеуметтік көмек көрсететін орталықтар да артпақ. Мәселен, бұл Атыраудағы жәбір көрген әйелдерге арналған мекеме. Мұнда оларға психологиялық көмек көрсетіліп, күш жігер жинауға жәрдем беріледі. Жалпы осындай орталықтарға жылына 2 мыңнан астам нәзік жанды жүгінеді екен.

Енді еркектерге де осындай орталықтар ашылуы мүмкін. Бірақ, мұның бәрі әзірге ұсыныс қана. Тиісті заң жобасын әзірлеп жатқан Бас прокуратура құжатты жақында Мәжілістің қарауына жібермек. Бастама қолдау тауып жатса, әйеліне қол көтеретіндер азаяды деген үміт бар.


Жіберіп алмаңыз:

Ерекше мейірімді таксист Ақтау тұрғынын таңғалдырды (видео)

Жаңа әліпбиге көшкенде қазақстандықтардың есімін, ақшасын, құжаттарын ауыстыруына тура келеді

Бас прокурор: Арнайы курстан өтпегендердің неке қиюына рұқсат бермеу керек

Талқылау