Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерекше мейірімді таксист Ақтау тұрғынын таңғалдырды

Ербол есімді тұрғын ішінде ылғалды орамалы, аяқ киім сүртуге арналған щеткасы және жолаушылар үшін конфеті бар ерекше такси туралы айтып берді.

9071417

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Ерболдың айтуынша ол таксиді 10 сәуір күні 3Б ықшамауданында тоқтатқан.

“Бұл автокөлікте отыру сондай жайлы. Нөмірін есте сақтай алмай қалдым, ал маркасы Daewoo. Жол жүруге өте ыңғайлы екен: ылғалды орамал, сулық, аяқ киімге арналған шүберек, шағын қоқыс жәшігі. Осыншама қызметтің бәрі ақылы ма деп сұрасам таксист “жоқ” деп жауап берді. Бұл мені өте қатты таңғалдырды”, – дейді Ербол.

Айтуынша жүргізуші жергілікті емес, Ақтауда тұрып жатқанына бірер жыл ғана болған жігіт екен.

Осындай ерекше жайлы такси қызметі үшін Ербол небәрі 200 теңге ғана төлеген.


Оқи отырыңыз:

Жаңа әліпбиге көшкенде қазақстандықтардың есімін, ақшасын, құжаттарын ауыстыруына тура келеді

Бас прокурор: Арнайы курстан өтпегендердің неке қиюына рұқсат бермеу керек

Шымкент тұрғыны жергілікті депутатты парақор деп айыптап видеоүндеу жазды

Талқылау