Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық енелер ұл мен келіннің қайсысын жақтайды?

Қазақстандық енелер келін мен ұлдың арасындағы жанжалда кімге жақтасатындарын айтып берді. Көпшілік келінді қолдауды жөн көреді екен.

16123491_402769366723694_3255392666984120320_n

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Бағдарлама барысында үш енеге “Қолдағы ұл мен келіннің ұрысып жатқанын елестетіңіздер. Бұл бір ситуациялық жағдай болсын. Сіз кімді жақтайсыз? Осы кикілжіңді шешу үшін қандай іс-әрекетке барасыз?” деген сұрақ қойылды.

“Мысалы, мен мұндай жағдайда келінге жақтасамын. Себебі, туған балаң – өзегінен тепсең де, кетпейтін бала.  Баяғыда келінді түйнек деп атаған ғой. Сол үшін мен келінге жақтасамын. Яғни келіндікі дұрыс емес болса да, жақтасамын. Баламды “Отыр! Келіндікі дұрыс!” деп отырғызып қоямын”, – дейді Шәрипа ханым.

Ал Қарақат ханым алдымен өзінің енесін мақтап алуды жөн көрді. Ол марқұм енесінің көреген адам болғанын еске алды.

“Мен өз енеммен 26 жыл бойы бірге тұрдым. Ол кісі жақсы адам болды. Үйде ыдыс-аяқ сықырламай тұрмайды демекші, ұрыс-керіс болып жатса, енем кімнен қателік кеткенін түсінуге тырысатын. Ақылды, ибалы, мақалшы еді. Күйеуім екеуімізді үнемі түсінісуге шақыратын еді. Ұлының да, менің де сөзімді сөйлемейді. Ортада шындықты бетке айтады”, – дейді Қарақат ханым.

Жұмабике ханым, ешкімді жақтамастан, бірден ұлы мен келінін татуластыруға асығады екен.

“Мен де ата-енемнің тәрбиесін көрдім. Ол кісілер қатал болды. Төрт баламмен жастай жалғыз қалдым. Оларды өзім жеткіздім. Үнемі Аллаға шүкіршілік айтып отырамын. Балаларым қазір Астанада. Мен келінімді балам деп еркелетемін. Әрине, келінімді көбірек жақтаймын. Бір күні балалар бір жерге жиналды. Келін басқа жаққа, ұлым екінші бір жаққа бармақшы болды. Ұлым келінге әлгі жерге баруғы тыйым салды. Сонда мен “Екеуің барсаңдар, бірге барыңдар. Бөлек бармаңдар. Әйтпесе ешқайда бармайсыңдар” дедім. Сонымен екеуі татуласып, бірге кетті”, – дейді ол.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт екі түрлі еркектен некесіз балалар туған әйелді сынап тастады

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Талқылау