Қазақстандық әйел: Орыс құрбыларым педофильден құтқарып қалғанда қуандым

Айымгүл Ханқызы (есімі өзгертілді) бала күнінде өзін зорламақ болған педофиль туралы айтып берді. Қуанышына орай, құрбылары көмекке келіп, аман қалған екен.

pedofil-iz-obninska-iskal-svoih-zhertv-vkontakte-28414

Бұл туралы “Әйел бақыты” парақшасында жазылды.

“Педофильден қалай қорлық көргенімді айтқым келіп отыр. Ол кезде шамамен 6 жаста болдым. Көп қабатты үйде тұратынмын. Түс мезгілінде үй жақтағы орыс қыздармен тығылмаш ойнап жүрдім. Кенет бір орыс аға мені подъезге шақырды. Менен бір нәрсе сұрайтын шығар деген ойда болдым. Ол кісі бірінші қабаттың баспалдағына отырып, кейін мені алдына отырғызды. Артынша менің қай қабатта тұратынымды сұрады. Оған жоғары қабатта тұратынымды айттым. Сәлден кейін көйлегімнің астына қолын сұғып, жамбасымды сипай бастады. Бірден артқа қарай шегіндім. Мені өзіне қинап тарта берген соң шыңғырып жібердім. Бірге ойнап жүрген орыс қыздардың бірі мені көріп қалып, қасыма жүгіріп келді.

Педофиль оны көре салып қашып кетті. Біз далаға шақтық. Орыс әйел не болғанын сұрады. Мен тек жылаумен болдым. Қазір зорламақшы болған адамның қызыл ВАЗ-ға отырып қашып кеткені есімде. Қыздар мені үйге алып барып, анама болған жағдайды түсіндірді. Аллаға шүкір, ол мені зорлап үлгермеді. Бірақ сол жағдайдан кейін мен далаға жалғыз шығуға, подъезде жүруге қорқып қалдым. Анам менен болған оқиға туралы сұраған сайын жылай бердім. Қазір тұрмыстамын. Балаларым да бар. Енді өз қыздарымды далаға жалғыз жіберуге қорқып жүрмін. Үнемі қастарында бірге жүремін. Сол себепті, кішкене қыздарыңызды сіздер де жалғыз жібермеңіздер”, – дейді Айымгүл Ханқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әйел аурушаң қызымен еркін қыдыра алмайтынын айтып жылады

Қазақстандық әйел азаматтық некеде бірге тұрған моңғолиялыққа қызын мойындата алмай жүр

Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр

Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр