9 жасар қазақстандық қыз ресейлік “Голос” шоуында үшінші орын алды (видео)
Тоғыз жасар алматылық Алина Сансызбай ресейлік әйгілі “Голос” шоуының балаларға арналған нұсқасында үшінші орын алды.
Әнші қыз сахнаға шығар алдында Нюша өзінің шәкірті туралы айтып берді. “Ол өзіне сенімді қыз. Оның ішкі қуаты бар, не қалайтынын біледі”, – деді әнші.
Финалда алматылық қыз үш ән орындады. Ол Константин Меладзе орындайтын Полина Гагаринаның репертуарындағы “Шагай” әнін, сосын Алина және Нюшаның командасындағы тағы екі қыз “Выбирать чудо” әнін орындап шықты.
Осыдан соң телекөрермендер тікелей эфирде Нюшаның қарамағындағы үш әншінің үздігін таңдауы тиіс болды. Нәтижесінде Алина 42,7 пайыз дауыс алып, финалдың екінші кезеңіне жолдама алды.
Жас қазақстандық өнерпаз Уитни Хьюстонның “Queen of the Night” әнін айтты. Бұл жолы да көрермендер дауыс беріп, 15,9 пайыз дауыс алып, үшінші орынға ие болды.
Ал жобаны Дима Биланның шәкірті болған Елизавета Качурак жеңіп алды.
Бұған дейін Алинаның Ресейдегі байқауға жолдама алғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, сайтымызда оның Нюшаны қалай тәнті еткені де жарияланған. Алина оған дейін украиналық «Голос» байқауында әділ-қазыларды таңғалдырған.
“Біз ұялмаймыз!” Ел алдында жалаңаштанғанды ұнататын әртістер (фото)
Елімізде Димаш жайлы кітап жарыққа шықты