Қазақстандықтардың меншігінде қанша ұшақ пен яхта бар
Ауқатты қазақстандықтар 490 яхта мен 248 жекеменшік ұшаққа иелік етеді екен. Мұндай деректер Ашық НҚА сайтында жарияланған Салық кодексінің консультативтік құжатында келтірілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық экономика министрлігі жариялаған құжатқа сәйкес яхта мен ұшақтар тек белгілі тұлғалардың меншігінде бар екен. Мәселен, 490 яхта жеке тұлғалардың иелегінде болса, 176 яхта заңды тұлғаларға тіркелген. Ал 248 ұшақ жеке тұлғаның меншігінде болса, 665 ұшақ заңды тұлғаларда екен.
Бүгінгі таңда заңда қымбат мүлікке салынатын салық әлі енгізілмеген.
Ал жаңа салық кодексі 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуі керек. Шенділер бұл кодекске қымбат дүние-мүлікке арналған салықты да қоспақшы.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар