Қазақстандықтардың бәріне 300 мың теңге жәрдемақы тағайындалғаны рас па?
Желіде қазақстандық телеарналардың біріндегі жаңалықтар бағдарламасының үзіндісі таралуда. Сюжетте еліміздің барлық азаматтарына 300 мың теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалғаны айтылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазбадан скриншот
StopFake сайты мұның жалған хабарлама екенін анықтады.
КТК телеарнасындағы жаңалықтар сюжеті қайта дыбысталған. Арнаның ресми сайтында 300 мың теңге көлеміндегі жәрдемақылар туралы жаңалық жоқ.
Мұндай жәрдемақы туралы хабарламалар президенттің ресми сайтында да көрсетілмеген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жәрдемақылар туралы ақпарат жоқ.
Тіпті ресми БАҚ-та 300 мың теңге көлеміндегі жәрдемақы туралы айтылмады.
Желіде таралған жаңалық құр қауесет болып шықты. Қазақстанда азаматтарға ондай жәрдемақы енгізілмеген.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған