Қазақстандық желі қолданушыларының арасында қауіпті сілтеме таралуда
Қазақстандықтар арасында "тегін сыйлықтар алуға болады" деп көрсетілген жалған сілтеме тарауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

Желі мен мессенджерлерде таралған хабарламаға сенсек, сілтемені баcу арқылы Жаңа жылға орай телефон немесе басқа да электронды гаджеттер ұтып алуға болады екен.
Дегенмен қазіргі таңда ұйым тарапынан мұндай ұтыстар ойнатылмағаны белгілі болды. Бұған қоса, сілтеменің Huawei компаниясына еш қатысы жоқ екені анықталды.
"Егер сізге бұл сілтемені жіберген болса, ешкімге таратпаңыз. Сайттың мақсаты сіздің деректеріңізді ұрлау", - деп жазыпты желі пайдаланушылары.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"