Қазақстандықтарды балағаттаған қарағандылық тұрғын араздық тудырды деген айыппен тұтқындалды
Қазақстандықтарды балағаттаған Қарағанды тұрғыны ұлтаралық араздық туғызды деген айыппен тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дереккөз ҚазТАГ
“Полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, - деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
- Оралда ұлттық алауыздықты қоздырды деп айыпталған азамат үйін сатып, Ресейге қашып кеткен
- Әлеуметтік желіде орынсыз айтылған сөз этносаралық араздық туғызуы мүмкін – Тоқаев
Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның Қазақстан халқы мен ел басшылығына тіл тигізгені туралы видео тараған еді. Қарағандылық азаматтың үндеуінде балағат сөздер өте көп кездеседі. Сонымен қатар, ол Владимир Путин бастаған Ресейдің әрекетін қолдайтынын ашық білдірген.
Мас болып OLX-тен "сергек жүргізуші" шақырған қазақстандық әйел түрмеге қамалып, 7 жылға куәлігінен айрылды
Айтуынша жүргізуші оны алдап көлікке мінгізіп, полицияға ұстап берген
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен