Қазақстандықтарды алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы күтеді
Синоптиктер 24-26 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады және бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
"Республиканың солтүстік облыстарында ауа температурасы төмендейді деп күтілеуде. Түнде солтүстікте ауа температурасы 7-12 градус Цельсийге және күндіз 17-22 градусқа дейін төмендейді. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фонның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді және ауа райы жауын-шашынсыз болады", – делінген хабарламада.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"