Қазақстандықтардан ұрланған ұялы телефондарды Қырғызстанға сатылымға жібергендер ұсталды
Алматы полицейлері ұрланған ұялы телефондарды өткізіп келген халықаралық арнаны тапты. Қазақстандықтардан ұрланған гаджеттер Қырғызстанға сатылымға жіберіліп келген. Онда біздің елден ұрланған ұялы телефондар сақталған бүкіл қойма анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Ұрланған телефондарды сатып алып, оларды өзінің Бішкектегі әріптесіне жіберіп отырған алматылықтың ісі белгілі болды. Ол жергілікті тұрғындардан ұрланған гаджеттер арқылы ойын іске асырып отырған.
Қырғызстан астанасына іссапарға жіберілген жедел уәкілдер сол жерден Алматыда ұрланған түрлі үлгідегі 246 мобильді құрылғыны алып келді.
Күдіктіні ұсталып, барлық кінәсін мойындады. Енді табылған телефондардың иелері іздестірілуде. Қазір гаджеттердің бір бөлігі иелеріне қайтарылды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі