Қазақстандықтар жаңа уақыт белдеуіне қарсы петицияға қалай қол қоя алады
Қазақстандықтар екі айдан бері енгізілген жаңа уақыт белдеуіне наразылық танытып, петиция жариялап жатыр. Айтуларынша бұл адам денсаулығына кері әсер етеді. Дегенмен көпшіліктен петицияны қайдан, қалай толтыру керек екені туралы сауалдар келіп жүр. Олай болса Stan.kz ақпарат агенттігі уақыт белдеуіне қарсы петицияның толтыру тәртібін ұсынады.
Фото: Pixabay.com
Петиция Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне жолданады. Ал петицияға epetition.kz сайты арқылы қол қоюға болады.
Петицияға қол қою үшін:
- epetition.kz сайтына кіріп тіркелесіз;
- тіркелу ЭЦҚ кілті арқылы жүзеге асырылады;
- “қол қою” батырмасын басып, ЭЦҚ кілтіңізді пайдаланып, қол қоясыз.
- қолыңыздың қабылданғаны көрсетіледі.
Фото сайттан скринделген
Қол қою порталы 2024 жылдың 4 қарашасына дейін белсенді.
Қазірдің өзінде мұнда 17 мыңнан аса адам қол қойған. Олар жаңа уақыт белдеуінде адамдар жұмыс кестесі бойынша күн шуағын көрмейтіндіктен денсаулықтары нашарлайтынын алға тартып жатыр. Одан бөлек, электр энергияларын да мөлшерден көп қолдануға тура келетінін жеткізді. Мұнда “бұрынғы уақыт белдеуі қайта келсін” делінген жазба талабы бар.
“Мәселен тұрғындарға физикалық та, психологиялық та жағынан ыңғайсыз. Себебі адамдардың биоритмі жұмыс, оқу және демалыс кестесіне сәйкес келмейтіні байқалады. Бұл жиі шаршауға, еңбек өнімділігінің төмендеуіне және ұйқы сапасының нашарлауына әкелді. Біз, Қазақстан тұрғындары, сіздерден бұрынғы уақыт белдеуін ауыстырмауды сұраймыз. Бұл адамның биоритмі мен жасанды түрде белгіленген уақыт кестесінің сәйкессіздігін жояды. Халықтың әл-ауқатын жақсартып, онкологиялық аурулардың, иммун тапшылығы мен психологиялық бұзылулардың даму қаупін азайтады”, – делінген жазбада.
Еске салсақ, министрлік петициядағы азаматтардың талабына жауап берген еді. Ведомство бұрынғы уақыт белдеуі қайтып енгізілетін-енгізілмейтінін жеткізді.