Қазақстандықтар велоспорттан Азия чемпионатында үздік атанды
Велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері ерлер арасындағы Азия чемпионатында командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тәжікстан астанасы Душанбеде басталған шоссе және паралимпиадалық велоспорттан Азия чемпионатының бірінші күнінде командалық жарыста медальдар жиынтығы сарапқа салынды.
Қазақстан құрамасында Евгений Федоров, Игорь Чжан, Юрий Натаров және Евгений Гидич шықты, деп хабарлайды ҚР ВФ баспасөз қызметі.
24 шақырымдық қашықтықты 26 минут 48,933 секундта бағындырған қазақстандықтар мәре сызығында үздік нәтиже көрсетті. Моңғолиядан келген велошабандоздар жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілсе, Иран өкілдері қола медальмен марапатталды.
Талқылау
"Негізгі айғақ – бір-бірімен хат алмасуы": Атыраудағы Яна Легкодимованың өлімі туралы шындықты ашқан тергеуші істің хронологиясын айтып берді
Жас тергеушіден жұмысы туралы сұрадық
Қазақстанда қант диабетінің әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан алынуы дау туғызды: Енді мемлекеттік көмекті кімдер алады
Желі қолданушысы: "МӘМС-ке төлесем де дәрілерді сатып аламын"