Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар үй жанындағы дүкендерде азық-түлік бағасы қымбат деп шағымданып жатыр

Қазақстандықтар үй жанындағы дүкендердегі азық-түлік бағасының қымбаттауына шағымданып жатыр. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер мен доминантты жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша сегіз тергеу жүргізіліп жатқанын айтты: тауық жұмыртқасын өндірушілерге қатысты – 6, қантқа қатысты – 1, тауық еті бойынша – 1 тергеу ісі.

"Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасын көтеру фактілерін жедел анықтау және жолын кесу мақсатында хабарламалар қабылдау үшін жедел желі құрылды. Бүгінгі күні агенттіктің сенім телефонына 2000-нан астам өтініш келіп түсті, оның ішінде қоңыраулардың 50 пайызға жуығы Алматы тұрғындарынан, 30 пайызы Нұр-Сұлтан тұрғындарынан, 20 пайызы басқа өңірлерден келіп түсті. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның өсу кету фактілері бойынша 70 пайыз шағым түскен.



Көп жағдайда тауарлардың бағасын бөлшек сауда субъектілері, атап айтқанда, 15 пайыздық сауда үстемесін сақтамай отырған үй маңындағы дүкендер көтереді", – деді Жұманғарин Үкімет отырысында.

Сондай-ақ аталған шағымдарға қатысты монополияға қарсы орган өз құзыреті шеңберінде шаралар қабылдайды.

"Үйдің жанындағы бөлшек сауда дүкендеріндегі бағаны көтеру бойынша шағымдар жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Басқа шағымдар уәкілетті органдарға құзыреті бойынша жолданады. Осыған байланысты "сауда қызметін реттеу туралы" Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес ЖАО тарапынан саудаға бақылау-қадағалау функцияларын күшейту қажет", – деді Жұманғарин.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар нан бағасының бірнеше есе өскеніне шағымданған еді

Алматы қаласы нан 3,5 есеге қымбаттағанын тұрғындар айтқан болатын. Тауар құны 80 теңгеден 300 теңгеге дейін көтерілгенін хабарлаған.

Талқылау