Қазақстандықтар тәулігіне нормадан үш есе артық тұз тұтынады – Зерттеу
Қазақстан тағамтану академиясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік офисімен бірлесіп зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтар тәулігіне 17 грамм тұз тұтынатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Қазақстанда ерлердің 100%-ы және әйелдердің 97%-ы күніне 17 грамм тұз тұтынады. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған күніне 5 грамм нормадан 3,4 есе артық болып шықты.
“Тұзды шамадан артық тұтыну қан қысымының жоғарылауына және жүрек-қан тамыры аурулары мен инсульт қаупінің артуына әкеледі”, – дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалының тамақтану қауіпсіздігі мониторингі секторының санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаппарова.
Мамандың айтуынша, аталған сырқат салдарынан жыл сайын әлемде 3 миллион адам қайтыс болады.
Бұған дейін зерттеушілер Қазақстанда қай аймақтың тұрғындары етті көп тұтынатынын айтқан еді.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн