Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалатыны белгілі болды
Биыл тамыз айында бес күндік кестеге сүйенетін қазақстандықтар 22 күн жұмыс істеп, 9 күн демалады. Демалыс күннің бірі мерекеге байланысты орны ауысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдың тамыз айында Қазақстанда бір ғана мереке бар. Ол – Конституция күні. Биыл 30 тамыз сейсенбіге сәйкес келіп тұрғандықтан, сенбіге келіп тұрған 27 тамыз демалыс күнін дүйсенбіге, 29 тамызға ауыстыру бекітілді. Сонымен, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 28-30 тамыз аралығында үш күндік ұзақ демалысқа кетеді.
Нақтырақ айтсақ, бес күндік апта үшін сенбі, 27 тамыз – жұмыс күні, ал 28, 29 және 30 тамыз – демалыс күндері. 31 тамыз, сәрсенбі – жұмыс күні.
Алты күндік кесте бойынша 28 тамыз, жексенбі және 30 тамыз, сейсенбі – демалыс. Ал 27 тамыз, сенбі және 29 тамыз дүйсенбі – жұмыс күндері.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"