Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады

Қазақстандықтардың 2024 жылдың тамыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

стан календарь

Фото: Stan.kz

Тамыз айында мемлекеттік мерекелерден 30 тамыз – Конституция күні тойланады. 2024 жылы 30 тамыз жұма күніне сәйкес келеді.

2024 жылы Конституция күніне арналған демалыс күндері:

  • бес күндік жұмыс аптасы үшін 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс күндері;
  • алты күндік жұмыс аптасы үшін 30 тамыз демалыс күні, 31 тамыз жұмыс күні, 1 қыркүйек демалыс күні; 

Қазақстандықтар 2024 жылы қанша күн демалады


Сонымен қатар бұл айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Олар:

  • 4 тамыз (тамыз айының бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні
  • 10 тамыз – Абай күні
  • 11 тамыз (тамыз айының екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні
  • 18 тамыз – Шекарашылар күні
  • 25 тамыз (тамыз айының соңғы жексенбісі) – Шахтерлер күні
  • 29 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылған күні

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалатыны туралы жазған едік. 

Талқылау