Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Таиландта 30 күн визасыз жүре алады

Қазақстан азаматтары үшін Таиландпен визасыз режим 30 күнге ұзартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Сыртқы істер министрлігі Ашық НҚА порталында "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Таиланд корольдігінің үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы" үкімет қаулысының жобасын жариялады. 

“Қазақстан азаматтары яғни, қолданылу мерзімі кемінде алты ай болуға тиіс жарамды жол жүру құжаты бар азаматтар аумаққа кіруге, шығуға, транзитке, уақытша тұруға визалық талаптардан босатылады. Алайда олар Таиландта күнтізбелік 180 күннің 90 күнінен артық болмауға тиіс”, – делінген хабарламада.



 

Сонымен қатар құжатта егер Қазақстан азаматы екінші тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік отыз күннен артық болғысы келсе, онда ол тиісті виза алуға тиіс екені нақтыланды. Құжатты қоғамдық талқылау 2024 жылдың 29 наурызына дейін жалғасады.

Бұған дейін Таиланд Қазақстан азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим мерзімін ұзартқан еді.

Талқылау