Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Solva-дан жаңа "Chery Tiggo 2" көлігін ұта алады

Solva брендімен белгілі "ОнлайнКазФинанс МҚҰ" АҚ өз клиенттеріне "Лайт бойынша Автокөлік" акциясы аясында жаңа "Chery Tiggo 2" автокөлігі мен ақшалай жүлделерге ие болу мүмкіндігін сыйлайды.  

Акцияға 2024 жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында Лайт Картасын бірінші рет және қайта рәсімдеген клиенттер, сонымен қатар микрокредит бойынша қосымша сомасы мақұлданған Лайт Картасының иелері қатыса алады. Барлық қатысушыларға қойылатын міндетті шарт – микрокредитпен қоса сақтандыруды рәсімдеуі керек.  

Екі аптада бір рет @solva_app – Solva-ның ресми инстаграм-аккаунтында тікелей эфирде компания 50 000 теңгеден 10 жүлде ойнатып, ұтыс ойынның соңғы аптасында бас жүлде – "Chery Tiggo 2" көлігінің иесін анықтайды. 

"Автөлік – көптеген қазақстандықтардың арманы, біз бұл арманды жүзеге асырғымыз келеді. Бірақ көліктен басқа көптеген қатысушылар өз қажеттіліктеріне жұмсасын деген оймен ақшалай ұтыстарды да ойнатамыз. Компания атынан акцияның барлық қатысушыларына сәттілік тілеймін!" – деп атап өтті "ОнлайнКазФинанс МҚҰ" АҚ бас директоры Анна Максимова.

Ұтыс ойынның қорытындыларын шығарған сәтте микрокредит қолданыста болуы немесе жабылуы мүмкін. Мерзімі өткен берешегі бар клиенттер акцияға қатыса алмайды.  

Акцияның толық шарттарымен және ережелерімен осы жерде танысуға болады. 

Solva-ның Лайт Картасымен кез келген сауданы онлайн және дүкен кассаларында жасап, ол үшін бонустар алуға болады.  
Solva бөлімшелерінде, серіктес нүктелерінде және осы сілтеме бойынша Лайт Картасы туралы толық ақпарат алып, оны ресімдеуге болады.

Талқылау