Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалатыны айтылды
2020 жылдың шілдесінде қазақстандықтар 10 күн демалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сегіз демалыс күнінен басқа (сенбі және жексенбі) республика тұрғындары 6 шілдеде астана күніне орай және 31 шілдеде Құрбан айт мерекесіне орай мерекелік демалыс алады.
Елорда күні - мемлекеттік мереке, 2020 жылы 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келеді, қосымша 1 демалыс күні беріледі.
Бес күндік жұмыста істейтіндер 4, 5, 6 шілдеде демалады.
Құрбан айт үш күнге созылады, алайда Қазақстанда демалыс күні бірінші болып саналады. Биыл қазақстандықтар оны 31 шілде, жұма күні атап өтеді. Бес күндік демалыста жұмыс істейтіндер 31 шілде, 1 және 2 тамыз күндері демалады. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде 31 шілде - демалыс, 1 тамыз - жұмыс күні, 2 тамыз - тағы да демалыс.
Айта кетейік, 2020 жылы қазақстандықтар 119 күн демалады. Биыл ең ұзақ демалыс күндері (алты күндік жұмысты есептемегенде) наурыз, мамыр және желтоқсан айларында болады.