Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады

2026 жылы наурыз айында қазақстандықтар мерекелік күндерге орай бес күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні биыл жексенбіге сәйкес келеді. Сол себепті демалыс күні 9 наурыз дүйсенбіге ауыстырылады.
Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 7-ден 9 наурызға дейін үш күн қатарынан демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурызда демалады.
10 наурыз сейсенбі – жұмыс күні.
Фото: Stan.kz
Сонымен қатар Наурыз мерекесі жылдағыдай 21-23 наурызда тойланады. 2026 жылы 21 және 22 наурыз сенбі, жексенбіге тұспа-тұс келгендіктен демалыс күндері 24 және 25 наурызға, яғни дүйсенбі және сейсенбіге ауыстырылады.
Нәтижесінде, қазақстандықтар наурыздың 21-інен 25-іне дейін бес күн демалады.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді