Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустың өршуіне байланысты маска режимі қайта енгізілді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова "Ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау бойынша профилактикалық шараларды күшейту туралы" қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында бетперде тағу режимі енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: sindobatam.com

Қаулыға сәйкес Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшыларына медициналық ұйымдардың қызметкерлері мен келушілерінің медициналық бетперде тағуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Өз кезегінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға халық көп жиналатын орындарда медициналық немесе матадан жасалған бетперделерді пайдалану ұсынылады.



Атап айтқанда, әуежайлар, вокзалдар, базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктерде де бетперде тағу ұсынылады.

Сондай-ақ масканы көліктің барлық түрінде қолдану ұсынылады: қоғамдық, әуе және теміржол.

Қаулы 8 ақпанда шығарылды және қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирус қайта оралып, қазақстандықтарға бетперде тағу режиміне көшу ұсынылғаны туралы жазған едік. 

Талқылау